№29 мектепке дейінгі гимназия балабақшасы
Хабарландыру
Қосқан Автор   
30.06.16 07:26

№29 Балабақша бойынша 2016жылға дәрі-дәрмек сатып алуға

126000теңге қаржы бөлінді.

Баға ұсыныстары конкурсы бойынша жеңімпаз

«Межбольничная аптека» ЖШС мекемесімен келісім шарт жасасты.

Соңғы өзгертулер 30.06.16 07:32
 
Мектепке дейінгі балалардың шыгармашылық қабілетін театр турлерін қолдану арцылы дамыту
Қосқан Жубаныш   
06.04.16 15:58

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін
қолдану арқылы дамыту

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.
Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке
дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге
қүрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді,
білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н. К Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: о л ар үшін ойын - оқу, олар
үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін
дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде
театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс - эрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін
дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді
өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр
эр балаға қуаныш ұмтылмас эсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның
жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала эр нәрсеге құмар, қызыққыш,
ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша қүбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке
тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
Мақсаты:
-   Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты
жетілдіру;
-   Қазақ тіліне деген қүрмет сезімдеріне тэрбиелеу. Міндеттері:
•   Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
•   Балаларды адамгершілікке баулу.
•   Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.
•   Баланың әлеуметтік жэне эмоционалдық дамуына жағдай жасап, эр баланың
жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген
қарым - қатынас мэдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады; Қазақ тіліндегі еөздік қоры молаяды;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.
Геатрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бүл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды
сахналық қоймаларға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыетырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде
ойната отырып, оның жеке түлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген қүштарлықты
ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен
жэне өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды эңгімеге араласуға, спектакль туралы ата - аналарына,
жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бүның бэрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін
тигізеді.
Балабақшада қуыршақ театрын пайдаланудың тиімділігі
Элем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не коршап түрғанын үғынады. Біртіндеп өмірден
алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бүл
баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген
құштарлығы арта түседі. Ойын- баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән-мағынасы ерекше. Қазақ халқының үлы ойшылы
Абай Қүнанбаев: «Ойын ойнап, эн салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Мектеп жасына дейінгі балапардың зейіні түрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың
зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін о
йын түрінде жүргізу қажет. Өйткені үйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне
негіз қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың куанышы мен реніші ойында айқын көрінеді.
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері үшқындалады, белсенділігі артады,
ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мүның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын үштайды. Мектеп жасына дейінгі
балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы
болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жүмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік
алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Сондықтан да ойшыл үлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бүл ой көптеген
оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды
түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына,
санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті- баланың көздерінде білімге деген құштарлықты
байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс- эрекеттің эсерлігін
арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тэрбиешінің шығармашылықпен
түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды
қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмүнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың
ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті жэне заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық
ойындар қүрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау
арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды жэне ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық жэне тәрбиелік
мазмүны болады.
Ұсынылып отырған қүралда балалардың математика пэніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын-
жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі
берілген, не үшін ойынды үйымдастыру керек жэне тэрбиешінің алға қойған максатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде
құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде
тәрбиешіге шығармашылық қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы
үғымдарын қалыптастыру іс-эрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1) дидактикалық ойындар-логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.
2)   санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жүмбақтар-балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын,
ойлау қабілеттерін дамыту.
3)  математикалық сергіту сэттері-кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Кұралда
дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін,
тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын,
заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға,
кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау,
есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың үсақ моторикасын дамытуға арналған.
Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі үтымды болу үшін балалардың
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың
жинағын үсынамын.

 

 

 

 

Соңғы өзгертулер 22.04.16 06:11
 
Хабарландыру
Қосқан zhubanish   
15.03.16 07:34

15.03.2016г. Хабарландыру

№29 мектепке дейінгі гимназия балабақшасы МКҚК. Азық-түлікті тасымалдау бойынша

ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің №717 бұрығына сәйкес ЖШС "Privat Aktau"

мекемесі №08/29  19 ақпанда Келісім шарт жасасты

 
«8 наурыз мерекесі»
Қосқан Автор   
15.03.16 07:22

«8 наурыз мерекесі»

(даярлық топтарында)

Кіру: екі топқа бөлініп ер балалар кіреді

 

Ер балалар жағынан мерекелік құттықтауды қабыл алыңыздар

1 бала: Қараңыздар, әдемі балаларды

Құттықтауға жиналған аналарды

Зор денсаулық, тілейік аялайық

Ақ сүт беріп өсірген аналарды

Ғажайып бұл күнді ұмытпайық

Әжелер, аналарды құттықтайық

Әлемге қуанышпен жар салайық

Көңілді мерекеде ән салайық.

2 бала: Той-тойлап даламенен  қалаларым!

Мерекең құтты болсын аналарым

Қаракөз қыз абзал ана мерекесін

Құттықтауға келе жатыр баларың

3 бала:Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннінде

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күнмен

Құттықтаймын анашым

8-ші наурызбен

4 бала:Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күншуақ

Бізге қымбат анасың

5 бала: Сыйлаймын мен әнімді

Сізге арнап жаттаған

Мерекеңіз бүгінгі

Құтты болсын ақ мамам.

1бала: Алло! Полиция? Бізде 6-7 жастағы қыздар жоғалды, аттары Әмина,

Алуа, Рауза, Арзу. Жақсы күтеміз

2 бала: Алло! Дүкен. Сізге 5 ші топтың қыздары келген жоқ па?

3 бала: Алло! Сұлулық салоны.  Сізде балабақшаның қыздары болды ма?

Қайда кеткенін білнсіз бе?

4 бала: Қыздар сәнденіп жатыр.

(Қыздар кіреді)

5 бала: Біздің қыздар қандай тамаша!, әрі сәнді әрі әдемі.

Қыздар: Көйлегімізге қараңдар!

Ұнайды ма айтыңдар

Шашымызды сәндетіп

Шаштаразға істеттік.

Қыздар: Бұл неқылған  мереке? Қонақтар бізге келе ме?

Ұлдар: Иә

Қыздар: Бастықтар ма келетін?

Ұлдар: Жоооқ.

Қыздар: Әкім бе келетін?

Ұлдар: Жоооқ.

Ұлдар: Босқа әуре болмаңдар.

Келді міне қонақтар.

Ең құрметті тұлғалар

Барлығы: Сәлеметсіздер ме? Аналар!

Ән: «Здраствуйте, мама»

1 бала: Анам менің өмірдегі тірегім

Анам менің кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін

2 бала: Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар

3бала: Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын мамашым.

Сегізінші Наурыз келді,

Шаттық сезім алып келді.

Қуанышты күн енді,

Құттықтаймын анашым!


Ән: «Көктем келді»


1 жүр: Тыңдаңыздар, қараңыздар!

Аналарды құрметтеп,

Сіздергі арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

2 жүр: Бұл мерекелік ертеңгілікті өткізетін біздер: Нұрлан, Тайр және мен Райымбек.

3 жүр: Аналарды сүйеміз,

Ақылын оны түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

1 жүр: Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз.

Ән: «Анашым»

Адина: Мама, мама что за тайна,

В этом бесконечном слове!

Я люблю тебя как прежде,

Ты нужно мне больше всех!

Ни за что не променяю

Эти добрые глаза

Эту нужную улыбку

А катящуюся вниз

Чуть заметную слезинку

Ты не прячь и  улыбнись.

: Маму очень я люблю,

Ей привет горячий шлю,

Но не только ей одной,

Шлю и бабушке родной.

Хорошо нам вместе с мамой

Жить под небом голубым.

Никого не бойтесь, мамы,

Мы вас, мамы, защитим!

1 жүр: Көтеру үшін көңілді, шетелдік би билейік.

2 жүр: Керек емес шет елдік, халық биін билейміз.

3 жүр: Әсем әрі көңілді, қазақ биін билейміз.

Би: « Қазақ би »

1 жүр: Нөміріміз жақсы шықты

2 жүр: Мен оған таңқалмаймын

3 жүр: Әкелерге қарасам,

Отыр екен қозғалмай

Кәне әкелер шығыңдар

Тезірек балық аулаңдар.

Ойын: «Балықшы»

1 жүр: Нөмірдің бізде түрі бар

Керегі енді жарнама

2 жүр: Ұнатады аналар!

Теле радио жарнамасы.

3 жүр: Ұнатса аналарымыз,

Сыйлайық жарнаманы біз.

«Сән көрмесі» көрсету

(Қыз орындықта кітап оқып отыр, өз анасы айна алдында

боянып жатыр, сөмкесін алады да қызына былай дейді)

Анасы: -Қымбатты Балапаным! Мен жұмысқа кеттім.

Мен жоқта ақылды бол.  Үйді шашпа.

Қызы: - Алло! Сәлем! Тыңда Мадина

Әдемі көйлегіңнің бірін ал да маған кел.

Көрме болар қызықты не?

Мен мында жалғызбын.

Қаласаң ініңді ерте кел.

Достарыңды ұмытпа

Күтемін сәнді киіммен. Пока.

Қызы: Анамның киіп көйлегін

Аяқта биік туфли

Көріп менің сәнімді

Қызықсын маған достарым.

Әжелеріміз біздің ертеде

Қалай киініп жүр екен?

Аналарымыз жасында

Киінді екен қалайша?

Елестетіп көрейік

Сән үлгісі жаңаша.

Ал енді біздің достарымыз сән алаңында

«Сән көрмесі»

1 бала: Үлкен фирма иесімін,

Қараңдаршы маған бір.

Іскер жігіт мен бүгін

Қымбат костюм кигенмін.

(тел соғады)

Алло! Мен сән көрмесіндемін

Клиент келді ме?

Сәл күте тұрсын.

Бізде: сән көрсетілімі басталды.

Қызы: Қараңдаршы, бізге бір сәнді көйлек жарасқан.

Қалыспаймыз біздерде әсем модель қыздардан

Қыздар сән үлгісін көрсетеді. (телефон соғылады)

Қызы: - Алло, иә анашым! Жарайды анашым. Қыздар анам келе жатыр,

жиналыңдар тездетіп.

Хош сау болыңдар! (Қашып кетеді)

1 Жүр: Ал енді жұмбаққа кезек берейік.

1 жұм: Түн ұйқысын төрт бөліп

Әлдилеп бізді өсірген

Таңертең бізді тұрғызған

Дәмді етіп берген тамағы

Айтыңдаршы балалар!

Бұл кім жауабы?

Балалар: Біздің аналар.

1 бала: Менің әжем, ақ әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып берер тағы әжем.

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен  жүр әжем.

2 бала: Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді

Қуанатын балаша

Әжем менің тамаша

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді

Әжем менің өйткені

Өте жақсы көреді.

Ән: «Сағындым әжем, сағындым»

 

1 жүр: Әжелер бізден көңілді, әзіл биді қабыл алыңыздар!

«Бабушки-старужки» әзіл биі (ер балалар) шығады.

Жүр Айбөбек: Ал енді балалар барлық аналарға арнап ағылшын

тиімді тақпақтар мен ән айтып береді.

Жүр Айбөбек: Иә бүгін барлық аналардың мерекесі,

сонымен бірге барлық қыздардың да мерекесі, ал біздің ержігіттер

қыздарды мерекесімен құттықтайды.

 

1 жүр: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз

2 жүр: Келді көктем бүгін

Күлімдейді гүлің

Қызғалдақтай қыздар

Мерекеңіз бүгін.

3 жүр: Наурыз той береке,

Құтты болсын мереке

Ержігіттер қыздарды,

 

Шақырады биге.

Би:  «Вальс»

1 бала: Өмірге бізді өсірген

Жарық дүние сыйлаған

Жамандыққа баласын,

Ешқашан да қимаған

Көрмесін қайғы аналар

Аман болсын аналар

2 бала: Ақ көңілін кірлетпейік.

Анашымыз аман болсын,

Анамызды құрметтейік,

Бейбіт, тыныш заман бллсын.

Сіздер үшін бүгін

Нұр төкті күнім

Бізден қабыл алыңыз,

Алғашқы көктем гүлін.

Ән: «Айдидарлы анашым»

Жүр Айбөбек: Ал енді балалар аналарына арналған сыйлықтарын ұсынады.

Ән: «Мама»


 
«Денсаулық еліне саяхат»
Қосқан Автор   
18.02.16 06:05

«Денсаулық еліне саяхат»

Дайындаған: информатика пәні мұғалімі

Кабиева У.Т

Әдіскер: Правденкова Н.В

Мақсаты: Денсаулық сақтау, витаминдер туралы түсінік беру, тура және кері санауды қайталау,

зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,

ұқыптылыққа үйрету т.б.

Көрнекіліктер: Видеопроектор экранымен, компьютер, «Денсаулық бұрышы»

Барысы: Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық кезеңі. Сәлемдесу.

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?

Балалар: Қыс!

Мұғалім: Қыста адамдар денсаулығына көбірек мән береді. Біз бүгінгі сабағымызда

денсалық еліне саяхатқа шығамыз.

Бала: Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Мұғалім: Көзіміз ауырмаса, басымыз ауырмаса, құлағымыз ауырмаса, аяғымыз

ауырмаса онда деніміз сау болғаны. Дені сау адам деп ауырмайтын адамдарды айтамыз.

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты

болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып,

еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Салауаттылық – саулық

кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Мұғалім: Дені сау болу үшін бізге не қажет?

Балалар: Азық-түлік, жеміс-жидектер, көкөністер!

Мұғалім: Олар бізге не үшін қажет? Біздің тағамдар несімен құнды?

Балалар: Дәрумендерімен!

Мұғалім: Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер?

Әр тағам өзінің дәрумендерімен бай, ол денсаулыққа және  адам ағзасының

өсуіне ықпалын тигізеді. Қазір «А» дәруменімен танысайық, біз дәрумендерді

көрмеміз, бірақ олар біздің тағамдарымызда бар. Мында қандай тағамдар бар?

(тақтада тағамдардың бейнесі көрсетіледі, балалар тақтаға қарап айтады).

Балалар: Сәбіз, бұрыш, жуа, қызанақ, жұмыртқа, сары май т.б.

Мұғалім: Барлық осы тағамдар «А» дәруменіне бай. Олар сіздің ағзаларыңыздың

өсуіне және көзіңіздің жақсы көруіне қажет. Мына тағамдар «В» дәруменіне бай. Олар?

Балалар: Ет, қара нан, бұршақ, орамжапырақ, банан т.б.

Мұғалім: «В» дәрумені сіздің жақсы ұйықтауыңызға, жыламауларыңа, шаштарыңның

жақсы өсуіне және жүзіңіздің жарқырап тұруына қажет. Ал мына тағамдар «С» дәруменіне

бай, олар?

Балалар: Алма, лимон, сәбіз, қызанақ, картоп т.б.

Мұғалім: «С» дәрумені біздің тісіміздің сау болуына, жарамыз тез жазылуына және

ішкі ағзамыз жақсы жұмыс жасауына керек.

1 бала: Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып – қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.

2 бала: Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың:
Мен екінші нанмын!

3 бала: Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.

4 бала: Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.

5 бала: Мен-алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңа арнадым.

6 бала: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Мұғалім: Балалар, рахмет, орнымызға жайғасамыз. Бүгін,  Салауат атайдан

электонды хат келді, ашып оқып көрейк. (хатты оқу)

Хат: «Салеметсыздер ме, балалар! Сіздрге Салаут атай хат жазуда. Білемін,

биыл сендер мектепке барасыңдар. Мектепке дені сау және ақылды балалар

керек. Мен сендерге тапсырмалар жибердім, соны орындауларын қажет.

Егер сендер ақылды және дені сау екендеріңді көрсетсеңдер, мен сендерге

мектепке жарамды деген  анықтама қағазын акеліп беремін.»

Ал, балалар, Салауат атайдың тапсырмаларын орындауға

дайынсындар ма? Ендеше тапсырмаларды ашып көрейк.

Сонымен 1-ші тапсырма: Себеттерге тағам түрлерін дәрумен бойынша орналастырамыз.

1-ші себетке «А» дәрумендері бар тағамдарды саламыз. 2-ші себетке «В»  дәрумендер бар

тағамдарды саламыз. 3-ші себетке «С» дәрумендер бар тағамдарды саламыз. Компьютерде орындаңдар.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! 1-ші тапсырманы жақсы орындадындар.

Енді 2-ші тапсырманы қараймыз. 2-ші тапсырмада, балалар, есепті шығару.

Мұғалім: Балалар, аздап сергіп алайық. Бәріміз орнымызда отырып,  қол гимнастикасын жасаймыз.

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып  көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

Мұғалім: Жарайсыңдар, енді жалғастырамыз! 3-ші тапсырма: Бос орындарға қажетті әріптерді жазу.

Мұғалім: Тамаша, балалар, бұл тапсырманыда орындадық. Енді 4-ші тапсырманы көрейк. 4-ші тапсырма

сергіту сәті екен. Қане орнымыздан тұрамыз, қимылдарды бірге қайталаймыз.

Шаршаған жоқпыз ба балалар? Ендеше жалғастырамыз. 5-ші тапсырма. Көрші үйлерде қандай

сандар тұрады? Бос орынға жаз.

Мұғалім: Жарайсыңдар! Сандарды да орналастырдық. Енді сонғы, 6-шы тапсырма: 1 санын қосу және

алу арқылы есептерді шығып, жауабын бос орындарға жаз.

Мұғалім: Өте тамаша, жарайсыңдар, балалар! Сендер Салауат атайдың барлық тапсырмаларын дұрыс

орындадыңдар. (Есік қағылады, Салауат атай сыйлығымен ішке кіреді).

Балалар, есік қағылды, міне Салауат атайымызда келді.

Салауат атай: Сәлеметсіңдерме балалар! Байқадым, менің тапсырмаларымның барін орындадығдар,

жарайсыңдар! Енді сендерге және қонақтарға азғантай сыйлығым бар, және  мектепке жарамды деген

анықтама қағазында  беремін. Міне ала қойыңдар.

Мұғалім: Салауат атай, балалар сен жіберген барлық тапсырмаларды тамаша орындады. Балалар,

бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қай тапсырма сендерге көбірек ұнады?

Салауат атай: Жарайсыңдар, ал енді менің кетуім керек. Басқада балалар мені күтіп отыр. Сау

болыңдар, ауырмаңдар!

Мұғалім: Енді, Салауат атайды  осы отарбамен басқа балаларға шығарып салайық, сау бол Салауат

атай! Енді қонақтармен де қоштасамыз, сау болыңыздар!

 
<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>

Бет 7 из 19