№29 мектепке дейінгі гимназия балабақшасы
Жаңа жыл
Қосқан zhubanish   
25.12.15 06:03

Жаңа жыл (орта топ)

Жаңа жылдық әуен . Жүргізуші кіреді, жаңа жылмен құттықтайды.

Зал мерекеге әсем безендірілген, қане, балалар кіріңдер шырша келіпті қонаққа!

Музыка әуенімен балалар залға жүгіріп кіреді. Билейді.

1 бала: Жасыл шырша, қош келіпсіз.

Сені күтіп жүрдік біз,

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.

2 бала: Жасыл шырша, қош келіпсіз,

Сені күтіп жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды,

Бір көруге келдік біз.

3 бала: Жасыл шырша жанында

Ойнап күліп қайтамыз,

Жасыл шарша жанында

Өлеңді де айтамыз.

Ән: « Жарқырайды шыршамыз»

1 бала: Айналады қар, қар,

Көшенің бәрі аппақ.

Үйлерде, жерде қар,

Бізге келді..........

Балалар: ҚЫС!

2 бала: Шыны шөлмектей аппақ қысым,

Мол жылтыр қарды бізге әкелді

Көңілді қуанышта біздің балалар,

Ауламызда үйілді биік таулар!

3 бала: Мөлдір қыс, қысқы күндер!

Шанаға да отырдық, конькиге де тұрдық,

Шаналар сырғанап, конькилер ұшады

Қызықты қысым балаларға бақыт силайды.

Жүргізуші: Біз бүгін жақсы көңіл көтеріп жатырмыз, ал Аяз Ата әлі жоқ. Ол қайда екен? Келетін уақыты болып еді, кешігіп қалған шығар. АязАта, ауу-ауу Естисіңба, мен сені шақырамын? Жоқ менің даусым тым жәй шығады, қане, балалар бәріміз бірге шақырайық!   «Аяз Ата!»

Балалар АязАтаны шақырады.

Аяз Ата кіреді.

Аяз ата: Сәлеметсіздер ме, балақайлар!

Мен көңілді аяз атамын!

Сендердің жаңа жылдық қонағыңызбын!

Меннен мұрындарыңды жасырмаңдар, үсітпеймін.

Бүгін мен мейірімдімін,

Есімде, бір жыл бұрын осы балаларды көргенмін.

Байқамаппын жылдың бір сағаттай өтіп кеткенін.

Жаңа жылмен құттықтаймын!

Денсаулық, бақыт тілеймін!

Шыршаға жақындаңдар

Инесін санаңдар! (Аяз Ата шыршаға қарайды, басын шайқайды)

- Ай-яй-яй! Бұл дұрыс емес! Шырша бізбен қуанбай тұр! Түрлі-түсті шамдарын жағуды сұрайық.

Жүргізуші:  Ал, біз балалар Аяз атаға көмектесеміз, соңғы сөзін қайталаймыз.

Аяз Ата: Қане шырша, ұмтыл!

Балалар: Ұмтыл!

Аяз Ата: Қане шырша күлімсіре!

Балалар: Күлімсіре!

Аяз Ата: Қане шырша, бір-екі-үш!

Балалар: Бір-екі-үш!

Аяз Ата: Қуаныш жарығымен жарқыра!

Балалар: Жарқыра! (шырша жанбайды)

Аяз Ата: Біздің шыршамыз оянбады, шамдарын жақпады. Мүмкін біреуіміз айқайламай қалғанбыз! Қане бәріміз бірге айтайық: Бір-екі-үш! Шырша жарқыра!

Балалар:(айқайлайды) Шырша жарқыра! (шырша жанады)

Шыршаның дауысы аудиозаписке жазылған.

Сәлеметсізбе, достарым!

Жаңа жылмен достарым, жаңа жылмен.

Қарсы алайық жылды біз жаңа жырмен,

Ертегілер еліне келіп тұрмын,

Өткізейік бұл кешті әзіл-әнмен.

Бала: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Ән: «Кішкентай шыршамыз»

Жүргізуші: Аяз ата, сен қолғабыңды жоғалттың. Міне қолғабың, балаларда. Қуып жет!

Ойын: «Қолғапты ұста». Ойын ойнап болған соң балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Қандай керемет! Шырша түрлі түсті шамдарымен жалтырап тұр, балалар әдемі киінген, көңілді. Бірақ, Ақшақар қайда, Аяз ата? Бізге әлі келмей жатыр.....

Аяз ата: Ия, шынымен әлі жоқ.....

Бала: Ұлпа қарлар, аппақ қарлар

Ұшыңдар, ұшыңдар,

Шыршаны айнала ұшыңдар

Ұшыңдар, ұшыңдар!

Әлемді сиқырға бөлеңдер! Ұлпақарлар қолдарына шырша астынана қарларды алады.

Ұлпақарлар биі.

Биден соң қарларды қайтып шырша астына қояды да, орындарына отырады. Аяз ата сыпырғыны алып сыпыра бастайды.

Аяз ата: Ай, ұлпақарлар жолдың бәрін қарлады! Ақшақар тіпті жолды таба алмас енді...... Міне қазір жолдың бәрін тазалайын..... ( сыпырып, жаймен қар үйшігіне жақындайды) Қанша қар жауған? Ай, қандай керемет, қар жыбырлайды.....

Жүргізуші: Қане, қарайық не бар екен. (Қар астында Ақшақар )

Аяз ата: Немерем, Ақшақар, сен бұнда қайдан жүрсің?

Ақшақар: Балабақшаға келе жатыр едім, бір мезгілде боран соғып, мені қар басып қалды. Рахмет, Ата, мені қардан тазалағаныңа.

Аяз ата: Ақшақар сен ұмытқан жоқсың ба, өзіңнің сүйікті қарыңды?

Ақшақар: Ұмытқан жоқпын, арнайы алып келдім, балалар ойнасып деп.

Жоғарға қарды лақтырамын,

Ұшады олар қашыққа.

Жинайды  қарларды балалар,

Әкеледі менің  шелегіме.

Қармен ойын.

Жүргізуші: Рахмет, саған Ақшақар, біздің балалармен ойнағаныңа.

Аяз ата: Қане, балалар шеңберге тұрыңдар, әнді бастаңдар.

Ән: «Қарсыбасу»

Жүргізуші: Аяз ата шаршадың ба? Ақшақармен отыр, дем ал, балалардың тақпағын тыңдаңдар.

Балалар жеке тақпақ айтады.

Ән: « Аяз ата»

Аяз ата: Рахмет, балалар жақсы әндеріңе. Енді ертегінің уақыты жетті. Менің таныс қояным бар, ол әрдайым менімен бірге.

(Шырша астынан ойыншық шығарады, ал шырша артында қоян киімін киген бала тұрады).

Мен сиқыршымын қазір қоянды тірілтемін. Балалар сиқырлы сөздерімді айтып болғанша, сендер көздеріңді жұмыңдар.

(Сиқырлы әуен ойналады. Бұл кезде жүргізуші үйдің есігін ашады, оған түлкі кіреді, ал ол шыршаны айналып қоян-баланя алып шығады)

Жүргізуші: Қош келдің қоян, неге сен көңілсізсің?

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақшақар!

Қандай көңіл-күй болсын менде.

Қиыншылық , жаңа жыл болса келіп қалды.

Ақшақар: Бізге айтып бер, мүмкін көмектесе алатын шығармыз.

Қоян: Мен өзіме үй тұрғыздым, орман шетіне.

Тұрып жаттым, мен жақсы.

Үйімді көріп, қу түлкі,

Кірді соғып есікті,

Үйден мені қуды да.

Болып едім қоян кішіпейіл,

Айналдым енді үйсіз қоянға!

Аяз ата: Ах, түлкі-қарақшы!

Не ойлап тапты!  Қамықпа қоян, үйіңнен түлкіні қуып шығамыз.

Қоян: Түлкіден мен қорқамын,

Мұрты, көзі, құйрығы.

Мінезі өрескел,

Ал,  тісі ше?

Ақшақар: Мұңайма, орманның құртақандары бар біздерде,

қолдарында шамдары , мүмкін көмектеседі олар бізге.

Жүргізуші: Қане, құртақандар шығыңдар,

Жарқыратып шамдарыңды.

Қорқытыңдар түлкіні,

Қашып кетер мүмкін?!

Құртақандар биі.

( Биден соң, үйшікке шамдарын жарқыратады)

Түлкі: (қатты) Қалай секіремін, қалай шығамын, ұшып кетесіңдер жан-жаққа.

(Құртақандар шырша астына шамдарын қойып, орындарына қашып кетеді. Қоян жылайды)

Жүргізуші: Мүмкін, әтештерді шақырармыз?

Аяз ата: Әтеш, әтеш, әй әтеш!

Таңсәріден тұрасың,

Тамаша ән саласың!

Орманға сен де келіп,

Әніңді айтарсың.

Қу түлкінің зәресін аларсың! (Әтеш келеді)

Әтеш: Менің достарым-

Ер жүрек достарым.

Аяқтарын топылдатып,

Қағып-қағып қанатын

Бар дауыспен ән салып -

Үркітеді түлкіні! (Әтештер биі.)

1-ші: Біз көңілді әтештерміз,

Біз тентек әтештерміз.

(Әтештер қанаттарын қағып, орында жүреді.)

2-ші : Қомдаймыз қанатты

Басамыз адымдап.

(Сол аяқтарын кейін, оң аяқтарын алға созады.)

3-ші : Жаудан қорғану үшін

Аяқты соғамыз.(аяқты соғады)

4-ші: Жүреміз, бидай іздеп,

Қандай тәтті бұл бидай!

(Қолдарын артына қойып, алға иіледі – бидай іздейді.)

5-ші: Түлкіні жеңіп,

Құтқарамыз  апанды.

Кө-ка-ре-ку!

(Әтештер қанаттарын қағып  шеңбер құрып жүреді.Тоқтайды да айқайлайды, «Ку-ка-ре-ку!»)

Түлкі:(қатты дауыстап): Атып шығамын,/ Ырқып шығамын./ Бәріңді талқандаймын!

Ақшақар: Аяз ата қу түлкі ешкімнен қорқар емес. Мүмкін түлкіні өзің қоянның апанынан қуып шығарсың.

Түлкі: (қатты) Атып шығамын,/ Ырқып шығамын./ Бәріңді талқандаймын! (Әтештер қашып кетеді)

Жүргізуші: Аяз ата, қу түлкі ешкімнен де қорықпайды, ал одан бәрі қорқады. Мүмкін, сен көмектесерсің, түлкіні қоянның үйінен қуып шығуға?

Аяз ата: (тұрады) Бораным буырқан,

Аязым сен де оян.

Орманды ақ қармен,

Бүркеймін, жабамын.

Дауылды да шақырам,

Арамы, қу түлкіні,

Қатырамын,қатырам!

(Боранның дауысы үнтаспада ойнайды. Аяз ата апанды үрлей бастайды)

Түлкі: (Үйден жүгіріп шығады) Ой-ой, Аяз ата,

Мұрнымды үсіттің, мұрным тоңды!

Құйрығымды қатырып алмайын!

(балаларға) Сендер мені аяңдар

Құтқарыңдар, қорғаңдар!

Аяз ата: Түлкі сен қоянды аямайсың ба? Оның да, табаны, құйрығы тоңды, далада қыс, ал сен оны үйінене қуып жібердің.

Түлкі: (аянышты) Мені кешіріңіздер, мен енді олай жасамаймын.

Аяз ата: Ай, сен қусың! Балалар, қалай ойлайсыңдар, түлкіні кешіреміз ба?

Ал, сен қоян үйіңде тұра бер, ешкімнен қорықпа.

Қоян: Рахмет! (Үйіне кіреді)

Аяз ата: Ал, түлкіні не істейміз?

Ақшақар: Бүгін мереке, кешірейік оны.

Жүргізуші: Ол үшін, сен бізбен билейсің, келісесің бе?

Ән-би: « Көңілді ән»

Жүргізуші: (Биден соң) Қоянға көмектестік,

Әнде айттық, биледік,

Айтпағым бар менің де , (Аяз атаға қарап)

Қайда сенің сыйлығың?

Аяз ата: Алыстан арқалап,

Қашықтан  дорбалап,

Сыйлықтарды, тәттілерді,

Ала келдім бір қапшық.

Қайда қойдым, ұмыттым,

Енді қайттім, құрыдым!

Ақшақар: Досым бар менің

Әсемпаз -маймылдар

Көмектесер мүмкін солар?

Тауып берер сыйлықты?

Маймылдар: 1. Біз- үлкен әсемпаз

көңілді маймылдар.

2. Секіреміз, жүгіреміз көңілді

Іздеп табуға сыйлықты.

3. Егер балалар бізбен билесе!

(Маймылдар балалармен шырша қасында қимылдар жасайды)

Би: «Лимпопо»

Аяз ата: Жарайсыңдар, көңілді би биледіңдер, ал енді маған сыйлықтар табуға көмектесіңдер. Қайда дорбамды қойдым, есімде жоқ. Шырша! Сен көрмедің бе?

Шырша: Мен туралы ән орындап беріңдер, сонда айтамын.

Ән: «Шырша»

Шырша дауысы: Маған жақын келіңдер,

Жоғары, төмен қараңдар,

Қолдарыңды ұрыңдар,

Аяқпенен ұрамыз,

Қар төмпешігіне келіңдер

Сыйлықтарыңды алыңдар!

Аяз ата: Рахмет, шырша! Қане, балалар менің вагоныма отырыңдар, сыйлыққа бәріміз барайық. (шыршаны айналып, сыйлықтарды алады да, шырша алдында тұрады)

 

Аяз ата: Жаңа жылмен! Маймыл жылы құтты болсын!!!


Соңғы өзгертулер 25.12.15 06:17
 
Алтын күз
Қосқан zhubanish   
04.11.15 17:23

"Алтын куз"

Музыкамен балалар залга жүгіріп кіреді, өлең айтады.

Жүргізуші: Бұлттар төніп, жерге шөгіп

Дымқым тұман басады,

Шөп сарғайып, өңі  тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күз!

Ән: «Снова к нам вернулась наша осень»

1 бала: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

2 бала: Көк майса көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек  көлегін.

3 бала: Тамсандыры таңдайды

Жеміс- жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Жер бетіне түседі.

4 бала: Қоштасып біз жазбенен

Күзді қарсы аламыз

Бау – бақшада жинап өнімді

Той – тойлаймыз  бәріміз.

Балалар бәрі: Алтын күз! Алтын күз!

Ән: «Кел,кел жомарт күз»

( Балалар орындарына отырады)

Музыкамен залға қолына себет алып күз кіреді

Күз ханшайымы: Сәлемтсіздерме балалар!

Сәлемтсіздерме қонақтар!

Мен Алтын күзбін.

Жайдары жарқын жүзбін

Қонаққа келдім сендерге

Жапырақтар сиқырлы

Ойын болар не түрлі.

Мен сендерге  себетпен түрлі көкөністер ала келдім олардың атын білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.(күз жұмбақ жасырады)

Қос құлағы қалқайып,

Су ішкен сайын марқайып,

Күн ысыса тон жинайды.

Доп  болғанда ел жинайды.(Қырыққабат)

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз)

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.(Алма).

Үстіне тігіп дәу шатыр,

Астында қызғылт дән жатыр.(Қызылша)

Күз:  Көкөністер билейік,

Билеп көңіл көтерейік.

Көкөністер биі.

1 бала: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

2 бала: Алма пісіп, алмұрт түсіп

Күз бақтары жайнайды

Кқстар қайтып, қош айтысып

Қыймас үнмен сайрайды.

Ән. «Күзде»

Күз: Бізге қонаққа ағайынды екі қыз келеді, олар әсем ән мен биді жақсы көреді.

Орыс халық әні « Мен тауға шықтым» әуенімен залға Айгерім билеп,  оның артынан жәй жүріп ұйқылы Айгүл  кірет.

Айгерім әндетіп: Ауырды көтеріп, мен тауға шықтым.

Шаршадым, шаршадым, шаршадым!

Айгүл (орындықта жатып)Жұмыстан шаршадым, шаршадым!

Айгерім: Бәлішті пісірдім, үйді сыпырдым

Шаршадым, шаршадым, шаршадым!

Айгүл (орындықта отырып):Әрине шаршадың, шаршадың!

Мен түнімен ұйықтадым,

Жарты күн ұйықтадым

Менде шаршадым, шаршадым!

Ох, қатты шаршадым!

(Жастығын дұрыстап қайтадан жатады)

Айгерім:  Айгүл тұр тез!

Қара, қанша бізге қонақ келді?

Айгүл: Мазаламаңдар, оятпаңдар!

Үйлеріңе кетіңдер...

Мүлдем тұрғым келмейді.

Айгүлге кедергі болмаңдар!

Айгерім : Айгүл  күн әлде қашан шықты

Айгүл: Мейлі жарық бола берсін маған бәрі бір

Айгерім: Тыңда Айгүл  ұйқыны қой

Қонақтарды күтейік

Айгүл:( аунайды, керіледі, есінейді, тұрады) Айгерім , а Айгерім сен бәліш пісіремін деп едің ғой қане әкел бәліштеріңді. Қазір біз балалармен жейміз.

Айгерім :Алдымен жұмыс үсте содан соң  бәлішті сұра. Сыпырғышты ал ауланы сыпырамыз.

Қара қанша жапырақтар түскен?( Айгүл сыпырғышты береді)

Айгерім әндетеді: Бұтақтардан сөгіліп,

Жапырақтар төгіліп.

Ұшып жатыр жүз мындап

Қайтер екен біздің бақ.

Айгүл:Қандай әдемі жапырақтар? жинауға қимайсын, әліде ұша берсін ( қолын сілтейтте отыра береді)

Жеке ән.

Айгүл: Шаршадым! Қандай жаман күз деген, жапырақтар ұша береді. Басыда аяғыда көрінбейді.  Жердін бәрін шашқаннан басқа пайда жоқ.

Айгерім:Сен не айтып тұрсын? Айналаның бәрі қандай әдемі? Жемістермен көкөністер қысқа азық.

Айгүл: Азық, азық? Қандай азық?

Қазіргі заманның балалары жемістер мен көкөністердің не үшін керек екенін білмейді.

Айгерім: Бәрі жақсы біледі. Көкөніс пен жемістердің пайдалы дәрумендер екенін біледі.

Айгүл: Ал көкөніспен жемістің қайда екенін білесіндерме?

Айгерім: Әрине бәрі біледі. Қазір біз саған көрсетеміз.

Ойын: «Көкөніс пен жемістер»

(көптеген түрлі көкөніс пен жемістерді екі себетке бөліп салады аттарын орысша айтып)

Айгүл: Жарайсыңдар!

Айгерім: Дуняша сен білесінбе? Балалар қандай жақсы күз туралы таппақтар біледі?!

Айгүл: Білмеймін білгімде келмейді.

Айгерім: Жоқ сен сонда да отырда тыңда.

Балалар тақпақтарын айтады.

Айгерім: Енді балалардың күз туралы әдемі әндерін тында.

Ән: «Күзгі әуен»

Айгүл: Болды жарайды, таппақ  тындадық, өлең айттық. Енді билейміз!

Айгері: Тұра тұр, мен әлі жұмысымды бітірген жоқпын. Мен асханаға барын бәлішімді қарап келейін, сен оған дейін балаларды ойната тұр, келген соң  билейміз.

Айгүл: Әр дайым осылай. Бәрін мен істеуім керек. Бәлішке салатын картоп қайда? А міне ол! (дорбасымен картопты алады, дорбаның тесігінен картоп түсіп қалады)

- Айгерім! Дорба қалай тесілді?

Айгерім: (залға кіреді) Білмеймін мүмкін тышқан тесіп тастаған шығар... Балалар саған картоп жинауға көмектессін

Ойын: Қасықпен картоп жинау

Күзім-ау-күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Біз кішкентай балдырған

Сескенбейміз жаңбырдан

Төбемізде қол шатыр

Алдымызда жол жатыр

«Жаңбыр» биі қолшатырмен

Айгүл: Рахмет балалар! Мен енді түсіндім, күздің жақсылығын. Қандай тамаша күз деген еңбекті жақсы көрсең.

Маша бәлішпенен  кіреді

Айгерім: Рахме балалар! Әдемі әндеріңе, көңілді билеріңе жақсы таппақтарыңа және киімдеріңде әдемі

Айгүл: Ой, Айгерім сенде бәлішпен келіп қалдыңба? Күйіп кеткен шығар?

Айгерім: Күйген жоқ. Мінекей-  иісі аңқыған тәтті!

Жүргізуші: Балалар бәріміз бірге Рахмет айтайық

Балалар: Рахмет!

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші: Ой балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты

Ән салайық би билеп

Көңілді біз көтеріп

Би «Полька»

Жүргізуші: Жемісі мол теретін

Күз дос екен біз бенен

Жапырақ түсіп, гүл солып

Қыс ызғары басталды.

 

Барлығыңызды шайға шақырамыз! Бәлішпенен шай ішіп, күзді еске аламыз!


Соңғы өзгертулер 04.11.15 17:27
 
Біздің балалар мен ата-аналардың тағамдардан жасаған шеберлігі
Қосқан zhubanish   
28.10.15 04:57

Соңғы өзгертулер 28.10.15 05:38
 
Пуст всегда будет хлеб
Қосқан Автор   
16.10.15 04:04

Пуст всегда будет хлеб

Соңғы өзгертулер 16.10.15 04:19
 
Даярлық тобымен қоштасу ертеңгілігі
Қосқан Автор   
28.05.15 05:52

Әуенмен «Школьные годы»  жүргізуші кіреді.

Жүргізуші: Өмірде,  сиқыр болмайды деп айтады....

Сеніңдер, олар болады, тіпті қасымызда жүреді!

Өмірдің ең керемет сыйы – ол біздің балалар.

Олар гүлдер сияқты, өмірімізді гүлдендіреді, жан дүниемізге нәр береді.....

Бүгінгі күн осында жиналған бәріміз үшін ерекше, әрі қуанышты күн.Біздің балабақшадан, білімді педагогтардың қатысуымен, ерекше гүлдер өсті.Олар  5 жыл ішінде сүйіспеншілікпен, жылулықпен өсіп шықты.

Сондай керемет біздің гүлдер, тіпті оларды қоштасуға қимаймыз!

Біздің гүлдер – біздің балалар! Көп сөз айтып қайтеміз! Мерекені ғажап көңіл – күймен тамашалап, балаларыңыздың білімі мен өнеріне тәнті болыңыздар. Олай болса, бүлдіршіндерімізді сахна төріне шақырамыз!

«Ты постой мое детство!»

(әнімен балалар қолдарында шарларымен 5 баладан залға жүгіріп кіріп 3 қатарға тұрып билейді, соңында шарларды жібереді)

Толық оқу
 
<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>

Бет 8 из 18