Педагогтың кәсіби қарым-қатынас мәдениеті
Педагогикалық қарым-қатынас- қатынасты ұйымдастыру және дамыту процесі, педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара түсінушілік пен өзара іс-әрекет.
Педагогтың сөйлеу мәдениетінің ережелері:
1. Педагог қатты сөйлемеу қажет, бірақ оны бәрі де еститіндей болу керек, тыңдау процесі тәрбиеленушілердің күшпен зер салуын тудырмауы тиіс.
2. Педагог анық сөйлеу керек.
3. Педагогтың сөйлеу жылдамдығы минутына 120 сөз.
4. Мәнерлі сөйлеу үшін логикалық және психологиялық паузаларды қолдана білу керек. Логикалық паузасыз сөйлеу тілі-сауатсыз, ал психологиялықсыз – түссіз болады.
5. Педагог интонациямен сөйлей білу керек, яғни логикалық екпінді қоя білу керек , айтылғанды жеткізу үшін кейбір сөздерді бөле білген жөн.
6. Әуенділік педагогқа жеке дара түс беріп, баланың эмоционалды жағдайына жақсы әсерін тигізеді: дәрттендiрiп, қызықтырып, тыныштандырады.
Ұстаздың қарым-қатынасының ауызша емес мәдениетi
Ауызша емес қарым-қатынас - бұл бейнелi және қызу мазмұнды білдіретін форма емес, сөзсіз, яғни ымдар, мимика, поза, визуалды қатынас және сипау...
Ауызша емес қарым-қатынас, вербалды қарым-қатынас сияқты маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, әңгімелесу барысында ақпараттың 45% сөзбен берілсе,ал 55% - вербальды емес түрінде жеткізіледі екен.
Педагогтың вербальды емес әрекеті оның психикалық жағдайымен байланысты болып , оны көрсету құралы болып табылады. Қарым-қатынастың кейбір вербалды емес түрлерін қарастырып көрейік.
|