№29 мектепке дейінгі гимназия балабақшасы
Біздің балабақшада Наурыз мерекесі тойланып өтті!!!
Қосқан Автор   
27.03.15 08:32

Зал мерекеге арнап безендірілген.  С. Тұрсынбековтың «Көңіл толқыны» күйі баяу ойнап тұрады.

Балалар залга келіп тұрады. Фанфор үнімен екі жүргізуші ортаға шығады.

1 жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңдар.

Науырыз тойы басталды,

Көргендер де арманда,

Көрмегендер де арманда,

Қызықтан құр қалмаңыздар.

2 жүргізуші: Күн мен түн теңескен,

Ай мен күн теңескен

Бақытты күн бұл наурыз

Ренішті қойыңдар,

Тату – тәтті болыңдар,

Құтты болсын бұл наурыз.

1 жүргізуші:

Армысыздар аңсаған дана халқым.

Сәлем беру ежелгі ата салтымыз.

Екеуі: Ұлыстың Ұлы Күні Наурызбен,

Шын жүректен  құттықтаймыз.

Ән: «НАУРЫЗ »

Толық оқу
 
Ата-аналар үшін
Қосқан Автор   
26.02.15 08:28

Cіздің балаңызда темпераменттің қай типі басым?

Ата - аналарға тест

Сіздің балаңызға көбірек келетін жауапты тандаңыз. Қорытынды аса анықтау болады, егер сұрақтарға тек анасы ғана емес, әкесі, атасы, әжесі де жауап берсе; кейін барлық жауаптарды салыстырыңыз сосын тиісті тұжырым шығарыңыз.

1. Балада мінез-құлықтың қандай сипаты басым?
а) Өмірсүйгіштік, оптимизм, келісімдік, жанасымдық, тәуекелділік.
б) Сабырлық, ақырындық, баяндылық, шыдамдылық, бейбітшілдік.
в) Болымсыздық, тынымсыздық, тентектік, қызбалық, жанжалқойлық.
г) Ұялшақтық, ұяндық, өкпелегіштік, әсерленгіштік, жасқаншақтық.

2. Қандай эмоциялар аса жиі, қатты?
а) Оңды эмоциялар.
б) Қарқынды реакциялар жоқ, оңдық эмоцияларға жақындау.
в) Қарқынды эмоциялар, ашу.
г) Қорқыныш.

3. Жазалауға білдіретін реакциялар:
а) баяу;
б) эмоциясыз;
в) сөздерге - баяу, қалғандарға – қарқынды наразылық реакция;
г) өкпе, келеңсіз эмоциялар.

4. Бала ойда болмаған ситуацияларда өзін қалай ұстайды?
а) Қызық құмар (ұнамды қатынас басым).
б) Азэмоционалды.
в) Қарсылық білдіргісі келеді (жеңуге мұқтаждық).
г) Бұл оқиғадан құтылуға тырысады (өз-өзін сақтауға мұқтаждық).

Толық оқу
 
Бізде жетістіктер аптасы өтті!!!
Қосқан Автор   
05.02.15 11:09

«Қыс көрінісі»

Граттаж – техникасымен сурет салу.

Мақсаты: Балаларға дәстүрлі емес сурет- граттаж туралы түсінік беру. Қолдың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту. Балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзіреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру. Бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілетін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Керекті құралдар: слайд-шоу, ерте заман суреттері, жол белгілері және жарнамалық суреттер, алдын ала дайындалған картон қағаздар, таяқшалар, салфеткалар.

Алдын ала жұмыс: бейнекөрініс қарау, дәстүрлі емес сурет техникасымен танысу, сурет салуға картон қағаз-рең дайындау.

Сөздік жұмыс: Граттаж, бояу бетін қырып ойып сурет салу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.

Тәрбиеші: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген қонақтар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, канеки бәріміз

Салем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Толық оқу
 
Бізге баланы тыңдауға не кедергі?
Қосқан Автор   
12.01.15 11:34

Бізге баланы тыңдауға не кедергі?

Мақсаты: дәстүрлі ата-аналардың түрін анықтап, баланың айтқандарын құлақ түруге не кедергі екендігін ажырату.

Олай болса, ата-аналардың күнделікті қайтаратын жауаптарына көз жүгіртіп көрейік, сонымен қатар, олардың балалары нені тыңдайтындығын.
1. Бұйрықтар: «Жылдам доғар!», «Ал!», «Қоқысты шығар», «Жылдам төсегіне жат!», «Екінші рет бұндайды естімеген болайын!», «Аузынды жап!».
Осы тектес бұйрықты естіген бала өзінің дербестігін сыйламайтын, оның проблемасын түсінуде бас тартқан деп біледі. Осындай сөздерді естігенде ол өзін «бақытсыздық» қалғаның сезінеді. Баланың жауабы қарсы шығу, «міңгірлеу», ренжейді, қырсығады.

Толық оқу
 
Ақпараттық технологияны сабақта қолдану
Қосқан Автор   
19.12.14 11:13

 

Ақпараттық технологияны сабақта қолданудың тиімділігі

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Соңғы өзгертулер 19.12.14 11:14
Толық оқу
 
<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>

Бет 10 из 19