Бізге баланы тыңдауға не кедергі?
Қосқан Автор   
12.01.15 11:34

Бізге баланы тыңдауға не кедергі?

Мақсаты: дәстүрлі ата-аналардың түрін анықтап, баланың айтқандарын құлақ түруге не кедергі екендігін ажырату.

Олай болса, ата-аналардың күнделікті қайтаратын жауаптарына көз жүгіртіп көрейік, сонымен қатар, олардың балалары нені тыңдайтындығын.
1. Бұйрықтар: «Жылдам доғар!», «Ал!», «Қоқысты шығар», «Жылдам төсегіне жат!», «Екінші рет бұндайды естімеген болайын!», «Аузынды жап!».
Осы тектес бұйрықты естіген бала өзінің дербестігін сыйламайтын, оның проблемасын түсінуде бас тартқан деп біледі. Осындай сөздерді естігенде ол өзін «бақытсыздық» қалғаның сезінеді. Баланың жауабы қарсы шығу, «міңгірлеу», ренжейді, қырсығады.
2. Ескерту, қорқыту, үркіту: «Егер сен жылауынды доғармасан мен кетіп қаламын», «Байқа, қазір жаман болуы мүмкін», «Егер тағыда қайталаса, таяқ жейсін», «Уақытында келмесең, өзінен көр» Қорқыту ешқандай нәтиже бермейді, егер де баланың басы проблемлармен қатып жүрсе. Олар оны тек қана дұрыс жолдан тайғызады. Анасы бірінші сөзден «егерде осылай баратын болсан, барлық балалар сені ұқыпсыз деп ойлайды».
Сіздерге мынадай оқиғалар таныспа? Сіз бір зат орындалмай жатса, одан әрмен үркітіп, қорқытумен айналаса бастайсыз.
Ескерту мен үркіту үнемі жасай берсеңіз оған баланың еті үйреніп кетеді де, мән бермейтін болады. Айтқан сөзді тыңдамай, оны орындамағансын қорқытып, үркітуден күш жұмсауға көшеді, баланы жалғыз өзін қалдырып кету, не болмаса соқыға жығады. 3. Ақыл айту, өсиет айту, үгіт айту: «Сен өзін тиісті түрде ұстауын керек», «Әр адам еңбектену қажет», «Сен үлкендерді сыйлау керек». Балалар әдетте осындай фразадан жаңа ештеме білмейді. Жүз рет естісе де ештеме өзгермейді. Олар өз беделін сезінеді, кейде кінә, кейде зерігу, көбінесе бәрін бірге алғанда.
Балаларды тәрбиелеуде үйрету, жол көрсету немесе ақыл айтудан, сөзден гөрі отбасында жағдай, оның ішінде ата-ананың мінез-құлқына, іс-әрекетіне еліктеу басымрақ болады. Егер отбасында барлығы еңбектенетін болса, бір-бірлеріне дауыс көтермейтін, өтірік айтпайтын болса, онда сенімді болыңыз, балаңыз өзін өзін қалай дұрыс ұстауды білетін болады. Егер ол қалыптасқан тәртіпті бұзған болса, онда жан-жағыңызға көз жүгіртіңіз отбасыңызда біреу өзін солай ұстайды немесе сондай әрекетке ұқсайтын қылық жасап жүрген шығар. Егер ол себеп расқа шықпаған болса, онда басқа жағдай болып жүр: сіздің балаңыз «қалыптасқан жағдайда сырт шығып жүр», ол өзінің ішкі жандүниесінің күйзелісіңде жүрген болар. Екі жағдайда ауызша үгіт –оған көмектесудің дұрыс жолы емес.
4. Кеңес, шешімін табатын: «Сен алда және өзін айтшы...», «Неліктен өзінне байқап көрмеске...», «Меніңше, барып кешірім сұраған дұрыс сияқты», «Мен сенің орнында болсам, есемді қайтарар едім». Көбінесе біз, ақылды балаларға көп айту керек деп есептейміз. Көбіне өзімізді мысалға келтіреміз: «Мен сенің жасында болғанда...» ал бала болса ондай ақылға құлақ аспайды, кейде олар ашықтан ашық қарсы шығады «Егер сен солай ойласан , ал мен басқаша ойлаймын», «Саған айту жеңіл», «Сен айтпасанда білемін».
Баланың осындай кері әрекеттерге баруына не себеп? Дербес түрде, өз бетінше шешім қабылдау тілегі. Өздеріңіз ойланып көрсеңіздер біздерге де ересектерге біреудің кеңесін тыңдау жаға бермейді. Ал бала болса, өте сезімтал болып келеді. Балаға кеңес берген сайын біз оған сен әлі кішкентайсын, біз болсақ әр істің қалай шешілетін білеміз, біздер себебі сендерден қарағанда үлкенбіз деп ескерту болып табылады. Осыдай жағдайлар балаларға ұнай қоймайды, содан барып олар өздерінің проблемаларын айтудан бас тартады.
5. Айғақ, ересектердің ақыл айта бастауы: «Естен шығармаған жөн, тамақ алдында қол жуу қажет екендігін», «Алаңдап отырсың, сосын барып қате жібересін», «Саған неше рет айттым. Тыңдамадың, енді өзін кінәлісің».
Балардың жауабы бір: «Жетеді», «Неше рет қайталадың», «Енді болған шығар». Содан барып олар сізді тыңдаудан қалады, психологтар оны «тасқауыл қою» немесе «психологиялық тас керең болу» деп атайды.
6. Сын, сөгіс, кінәлау: «Мынау неменеге ұқсайды», «Тағыда бәрін теріс істедің бе!», «Бәрі сенің кінән», «Саған бекер сенген екенмін», «Ылғи осылай!..».
Сіз келісесізбе, осы тектес сөздер ешқандай тәрбие бермейтіндігіне. Ол балалардан қорғалуды қажет етеді: қарсы шығу, мойындамау, ызаландырады; немесе уайым, жабырқану, өзіне немесе ата-анасынамен қарым-қатынасына түңіледі.
Осындай жағдайда баланың өз-өзіне сенуі, олар ойлай бастайды, олар жаман, ынжық, сенімсізбен деп есептей бастайды. Өз-өзін бағалай алмау, ол жаңа проблемаларды тудырады.
Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіндегі өлшеусіз қаталдығы. Оны мынамен ған түсіндіруге болады, кейбір отбасыларында баланы тәрбиелеуде, ең бастысы оған бұйыра білу, оны баланың орындауы.
Енді көз жүгіртіп көрейік, бала бір күнде не естейді екен: «Тұр», «Қанша уақыт иленіп жата беруге болады», «Қарашы, көйлегіңді қалай кигенсің», «Тағыда, кеше сөмкенді жинамағансыңба», «Есікті қатты жаппа бала ұйықтап жатыр», «Неге итті қыдыртуға шығармадың (неге мысыққа тамақ бермедің)? Өзін өсіргін келді ғой, енді өзін қара», «Тағыда бөлмеде бәрі астан-кестен», «Әлі сабақ оқыған жоқсың ба?», «Неше рет айтуға болады, өзіннен кейін ыдыс-аяғынды жуып жүру керек деп», «Нан жайлы айтудан шаршадым», «Әлі қыдыруға шықпайсын ба?», «Неше сағат телефонның құлағында отыруға болады?», «Қашан уақытында ұйықтауға жатасың?!».
Осы айтылғандарджың бәрін әр күнге, аптаға, жылға көбейтіңіз, енді қарап көріңіз бала оны неше рет естейді екен. Ол өзі туралы жағымсыз ойда қалады, және оның бәрін ең жақын адамдарынан естейді. Осы жүктің бәрін теңдестіру үшін оған ата-анасы мен өз-өзіне дәлелдеу үшін қанша уақыт қажет. Ең жеңіл және дұрыс жол (ата-ананың стилін еске түсіреді) – ол ата-ананың сының, қойған талабын қарсы шығу. Егер отбасындағы жағдай тура осындай болса, оны құтқару үшін не жасау керек?
Ең дұрыс және басты жол: балаңыздың жағымсыз қылықтарына ғана көңіл аударып қана қоймай, оның жақсы жақтарын көруге тырысыңыз. Оған айтылған мадақтаулар оны құртады деп ойламаңыз. Сіздердің қарым-қатынастарыңызға залалы тимейді. Біріншіден бір күн ішінде баланың жақсы жақтарын көріп, мақтау айтудан бас тартпаңыз.Мысалы: «Рахмет, кішкентай бауырымен қыдырып келгенің үшін», «Жақсы, айтқан уақытында келдің», «Маған сенімен бірге ас дайындаған ұнайды». Кейде ата-аналарды ойлайды, бала өзін жақсы көретінің біледі, сондықтан оны білдіре берудің қажеттілігі жоқ. Бірақ та ол дұрыс емес.
Он бір жастағы қыз баланың сөзіне құлақ асып көрейік: «Мені анам жақсы көрмейді, мен оны нақты білемін. Оған бірнеше рет көзім жетті. Мысалға, жақын күндері үлкен ағам анама гүл сыйлады, анам оған қарап жымиды. Ал мен кеше анама гүл сыйлап едім, анам, маған қарап жымиған жоқ. Сондықтанда мен нақты білемін: анам мені жақсы көрмейді, ол ағамды жақсы көреді.
Ал сіздің ойыңызға келді ме, балаңыз сіздің сөзіңізді немесе қылығыңызды осылай қабылдайды деген? Естен шығармаңыз бала өмірді ақ немесе қара деп қабылдайды.
Тағы сұрақ: біз егер ең жақын адам сын айта берсе соған шыдай аламыз ба?
Біз одан жүрегімізге жақын сөз естуді қалаймыз ба?