Бізде жетістіктер аптасы өтті!!!
Қосқан Автор   
05.02.15 11:09

«Қыс көрінісі»

Граттаж – техникасымен сурет салу.

Мақсаты: Балаларға дәстүрлі емес сурет- граттаж туралы түсінік беру. Қолдың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту. Балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзіреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру. Бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілетін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Керекті құралдар: слайд-шоу, ерте заман суреттері, жол белгілері және жарнамалық суреттер, алдын ала дайындалған картон қағаздар, таяқшалар, салфеткалар.

Алдын ала жұмыс: бейнекөрініс қарау, дәстүрлі емес сурет техникасымен танысу, сурет салуға картон қағаз-рең дайындау.

Сөздік жұмыс: Граттаж, бояу бетін қырып ойып сурет салу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.

Тәрбиеші: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген қонақтар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, канеки бәріміз

Салем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Т: Балалар сіздер сурет салғанды жақсы көресіңдерме?

Балалар: Ия.

Ән: «Сурет салуды сүйемін»

Т: Қане, жайғасып отырайық та сиқырлы экранға көңіл бөлейік.

Интерактивтік тақтадан суреттер көрсетіледі.

(қарындашпен, сулы бояумен,жарнама суреттер, жол белгілері).

Т: Балалар суреттер бір неше топқа бөлінеді екен. Олар : натюрморт, пейзаж, портрет, граттаж.(сурет корсету).

Т: Балалар біз бүгінгі сабақта граттаж техникасымен сурет саламыз.

Бұл қиын граттаж сөзі нені білдіреді. Бұл қандай суреттер екен?

Б: Бояу бетін қырып ойып салуды білдіреді.

Т: Балалар дұрыс таптыңдар. Ойып, қырып жазуды ақпаратты жеткізу мақсатында тас ғасырындағы адамдар пайдаланған. Осы арада мен сіздерді уақыт көлігімен тас ғасырына саяхаттауға шақырамын.

Т: Тас ғасырында өмір сүрген адамдар, өздерінің тұрмысын, аң аулап күн көргендерін, топтасып өмір сүргендерін тасқа ойып, қырып жазу арқылы келер ұрпаққа мәлімет ретінде қалдырған. Міне балалар мына тасқа салынған суреттерден ертедегі адамдар немен айналысқанын көре алдыңдар. Ал енді өз уақытымызға оралайық.

Сергіту сәті (видео арқылы балалар жаттығу жасайды)

Т: Жарайсыңдар. Біз өзіміздің топқа шынайы уақытқа келдік.

Граттаждың не екенін білдік. Ал енді ненің суретін салуымызды білу үшін көзімізді жұмайық.

Тыныштық сәті.

Т: Отырыңыздар, көздеріңді жұмыңдар. (жай әуен ойналады)

(Көз алдарыңа қыс мезгілін елестетіңдер. Далада қар, ағаштар .............

Балалар осы елесті естеріне сақтап қалыңдар. Соны қағаз бетіне түсіресіңдер. Енді сендер білесіңдер, қандай сурет салатындарыңды). Көздеріңді ашыңдар.

Балалар біз қағазды дайындап қойдық.

Бұл қағазды қалай дайындадық?

Б: Қағаз бетін(свечамен) майшаммен, содан соң гуашпен боядық.

Дұрыс балалар, жарайсыңдар. Енді осы боялған қағаз бетіне таяқшамен сурет саламыз.

Жұмысқа кірісеміз. Сурет салуды бастаңыздар.

Жұмыс кезінде балаларға жеке көмек көрсету.

Сурет салып болған соң, балалардың суретінен көрме ұйымдастырылады. Балалар салған суретін әнгімелеп береді.

Т: Міне біздің саяхатымыз аяқталды. Қош сауболыныздар!

Қонақтармен қоштасамыз.