Біздің балабақшада Наурыз мерекесі тойланып өтті!!!
Қосқан Автор   
27.03.15 08:32

Зал мерекеге арнап безендірілген.  С. Тұрсынбековтың «Көңіл толқыны» күйі баяу ойнап тұрады.

Балалар залга келіп тұрады. Фанфор үнімен екі жүргізуші ортаға шығады.

1 жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңдар.

Науырыз тойы басталды,

Көргендер де арманда,

Көрмегендер де арманда,

Қызықтан құр қалмаңыздар.

2 жүргізуші: Күн мен түн теңескен,

Ай мен күн теңескен

Бақытты күн бұл наурыз

Ренішті қойыңдар,

Тату – тәтті болыңдар,

Құтты болсын бұл наурыз.

1 жүргізуші:

Армысыздар аңсаған дана халқым.

Сәлем беру ежелгі ата салтымыз.

Екеуі: Ұлыстың Ұлы Күні Наурызбен,

Шын жүректен  құттықтаймыз.

Ән: «НАУРЫЗ »

1 жүргізуші: Наурыз мерекесі – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, бақыттың мерекесі. Наурыз деген сөз – парсы тілінен аударылған «нау» - жаңа, «риз» - күн деген, яғни, «жаңа кун» деген мағынаны береді. Күн жылып, қар еріп, күн мен түн теңеліп, жыл құстары келеді. Ендеше, балалар, біз көптен күткен Наурыз мерекесі келді.

Би: « Гүлдер»

(Осы кезде боран соғып, ортаға алқан – жұлқын киінген боран кейіпкері кіреді.)

Боран: Неменеге шулылдап тойлап жатсыңдар? Кім сендерге рұқсат берді? Кім ол наурыз деген?

1 бала:

Наурыз жыл басы, көктем мейрамы.

Ел оған сағынып жетеді.

Күн мен түн теңеледі,

Жерт шуаққа кенеледі.

2 бала:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жер аңыз.

Қызыл дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз  - шаттық әніміз.

Салтанатты сәніміз.

3 бала:

Бақта бұл бұл сайрасын,

Сәнді көктем нұрымен.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Наурыз тойы жырымен.

4 бала:

Наурыз тойын әдемі,

әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ән: «Көктем».

Боран: мен мұндай керемет мереке туралы естімеппін. Маған да керек наурыз мерекесі. Мен алып кетемін наурызды.! Жібермеймін наурызды сіздерге!

(боран әрі бері айнала ұшып кетеді)

2 жүргізуші: Апырмай, балалар? Мына боран біздің әсем мерекеміз Наурызымызды алып кетем деді ғой. Біздің мерекені жібермеймін дейді. Енді не істесек екен? Кім көмекке келер екен? Араларыңда ер жүрек батырлар бар ма?

(Ортаға батырлар киімін киген ұлдар шығып «батырлар» биін билейді, би бітісімен ұлдар отырады. Ортада үш батыр ұл шығады.)

Би: «Батырлар»

1 жүргізуші: Мінеки, Алпамыс, Қобыланды. Ер төстік  атты батырларымыз келіпті. Біздің наурыз мерекемізді боран алып кетті. Бізге көмектесесіздер ме?!

Батырлар: Әрине көмектесеміз.

1.–батыр: Халықтың ұрлап алтынын,

Жоғалды құйын «батырым».

Іздесіп бірге батырым,

Көрсетші ерлік жарқынын.

2.–батыр: Қара құйынды табамыз,

Наурызды аламыз.

Халықты солай қуантып,

Тарқайды шер мен панамыз.

3.–батыр: Жолына соның ұмтылып,

Қалмаса дәуін қырсығып.

Ән салайық осылай,

Кетерміз, бәлкім, құтылып.

(тақпақтарын айтады. Күй ойнап батырлар жүгіріп кетеді.)

Жүргізуші: осылай батырлар наурызды құтқару үшін ұзақ жолға аттанады. Келе жатып алдарынан Мыстан кемпірді кездестіреді.

Мыстан кемпір: сендер кімсіңдер? Қайда бара жатсыңдар?

Батырлар: Біз ержүрек  батырлармыз. Біз Боранды іздеп бара жатырмыз. Ол Наурызды алып кетті. Біз наурызды құтқаруымыз керек.

Мыстан кемпір: Менің жанымнан ешкім жұмбақ шешпей өтіп көрген жоқ. Егер шешсеңдер өтесіңдер, шешпесеңдер менің құлыма айналасыңдар.

Батырлар: Айтыңыз шешеміз!

Мыстан кемпір:

  1. Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған.

Сайды ұуып сай ақты,

Гүлдер өсіп ырғалған. (көктем)

  1. Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді,

Бусанып жөн алып,

Терледі, керілді.  (жаңбыр)

  1. Тиіп кетсе жылаған, даусы көпке ұнаған. (домбыра)

Ойын: «Қыз қуу »

Мыстан кемпір: Жарайсыңдар, батырларым! Көңілімнен шықтыңдар. Жолдарың болсын!

Жүргізуші: Сөйтіп Мыстан кемпірді жеңген батырлар келе жатса, алдарынан қарақшылар  шығады. ( қарақшылармен би билейді) . Батырлар  кейіпкермен бірге қимыл – қозғалыстарды қайталап бәрі билейді.

Қарақшылар:  сендер кімсіңдер? Бізден қорықпайсыңдар ма?

Батырлар: біз ержүрек батырлар ешкімнен қорықпаймыз!

Қарақшылар:  Ендеше «Арқан тартыс » ойынын ойнайық! Сендер жеңсеңдер біз жібереміз, жеңбесеңдер, біздің құлымызға айналасыңдар!

Ойын: « Арқан тартыс»

Жүргізші: Бәрекелді батырлар ,ойында жеңіске жетіп жолды әрі қарай жалғастырады. Келе жатса, алдарынан ұйытқыған боран шығады.

(борандатып, уілдетіп боран келеді).

Боран: Мен бәрін естіп келдім, седерді ешнәрседен қорықпайтын батырлар дейді. Ендеше менімен ойын ойнаңдар, жеңсеңдер мен сендерге Наурызды жіберемін. Ал егер жеңіліп қалсаңдар Наурыз мәңгі менімен қалады.

Жүргізуші: Қане, балалар батырларға кқмектесейік.

Ойын: «Бәйге»

Боран: жарайды батырлар мен жеңілдім. Наурызды сендерге жіберемін!

(ортаға жүгіріп бала шығады.)

Бала: Сүйінші! Сүйінші! Наурыз туды, дүниеге наурыз келді.

Жүргізуші: Рахмет саған! Қуанышты хабар әкелдің! Қазақта ырым бар, «орамал тон болмайды – жол болады». Сүйіншіңе мына орамалды ал!

Ойын: «Орамал»

Тақпақтар:

1 бала:

Ашылдыда кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

әжем наурыз көжеге

жеті түрлі дәм салды.

2 бала:

Бидай, күріш, тары бар,

Бар сүт пен шұжығы.

Ащы күрты тағы бар,

Көже елдің ризығы

(ортаға ұлттық киіммен әже кіріп келеді. Наурыз көженің жасалу жолын көрсетеді.)

Әже: күн жылынып, қар еріп наурыз келді далама. Балалар наурыз тойының мерекелік тағамы – наурыз көже. Наурыз көже – сүт, ет, су, тары, құрт, жеміс сияқты жеті түлі тағамнан дайындалады. Балаларым мен сендерге наурыз көже пісіріп берейін.

Жүргізуші: рахмет сізге әжетай, қане демалып отырып қыздардың биін тамашалаңыз.

Наурыз – біздің әніміз,

Салттанатты сәніміз.

Наурыз тойда қуанып,

Ән айтайық бәріміз.

Ән: «Дастархан»

Қой: ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

сонда олжалы жыл болар

Ақ әже бізге бата беріңіз.

Ақ әже: Ұлыс күнің оң болсын.!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақытты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

әр күніміз жақсы болсын!

Достарымыз берік болсын!

Білім - өнер серік болсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!

Әумин

Әуенмен балалар шығып кетеді.