«Денсаулық еліне саяхат»
Қосқан Автор   
18.02.16 06:05

«Денсаулық еліне саяхат»

Дайындаған: информатика пәні мұғалімі

Кабиева У.Т

Әдіскер: Правденкова Н.В

Мақсаты: Денсаулық сақтау, витаминдер туралы түсінік беру, тура және кері санауды қайталау,

зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,

ұқыптылыққа үйрету т.б.

Көрнекіліктер: Видеопроектор экранымен, компьютер, «Денсаулық бұрышы»

Барысы: Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық кезеңі. Сәлемдесу.

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?

Балалар: Қыс!

Мұғалім: Қыста адамдар денсаулығына көбірек мән береді. Біз бүгінгі сабағымызда

денсалық еліне саяхатқа шығамыз.

Бала: Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Мұғалім: Көзіміз ауырмаса, басымыз ауырмаса, құлағымыз ауырмаса, аяғымыз

ауырмаса онда деніміз сау болғаны. Дені сау адам деп ауырмайтын адамдарды айтамыз.

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты

болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып,

еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Салауаттылық – саулық

кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Мұғалім: Дені сау болу үшін бізге не қажет?

Балалар: Азық-түлік, жеміс-жидектер, көкөністер!

Мұғалім: Олар бізге не үшін қажет? Біздің тағамдар несімен құнды?

Балалар: Дәрумендерімен!

Мұғалім: Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер?

Әр тағам өзінің дәрумендерімен бай, ол денсаулыққа және  адам ағзасының

өсуіне ықпалын тигізеді. Қазір «А» дәруменімен танысайық, біз дәрумендерді

көрмеміз, бірақ олар біздің тағамдарымызда бар. Мында қандай тағамдар бар?

(тақтада тағамдардың бейнесі көрсетіледі, балалар тақтаға қарап айтады).

Балалар: Сәбіз, бұрыш, жуа, қызанақ, жұмыртқа, сары май т.б.

Мұғалім: Барлық осы тағамдар «А» дәруменіне бай. Олар сіздің ағзаларыңыздың

өсуіне және көзіңіздің жақсы көруіне қажет. Мына тағамдар «В» дәруменіне бай. Олар?

Балалар: Ет, қара нан, бұршақ, орамжапырақ, банан т.б.

Мұғалім: «В» дәрумені сіздің жақсы ұйықтауыңызға, жыламауларыңа, шаштарыңның

жақсы өсуіне және жүзіңіздің жарқырап тұруына қажет. Ал мына тағамдар «С» дәруменіне

бай, олар?

Балалар: Алма, лимон, сәбіз, қызанақ, картоп т.б.

Мұғалім: «С» дәрумені біздің тісіміздің сау болуына, жарамыз тез жазылуына және

ішкі ағзамыз жақсы жұмыс жасауына керек.

1 бала: Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып – қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.

2 бала: Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың:
Мен екінші нанмын!

3 бала: Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.

4 бала: Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.

5 бала: Мен-алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңа арнадым.

6 бала: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Мұғалім: Балалар, рахмет, орнымызға жайғасамыз. Бүгін,  Салауат атайдан

электонды хат келді, ашып оқып көрейк. (хатты оқу)

Хат: «Салеметсыздер ме, балалар! Сіздрге Салаут атай хат жазуда. Білемін,

биыл сендер мектепке барасыңдар. Мектепке дені сау және ақылды балалар

керек. Мен сендерге тапсырмалар жибердім, соны орындауларын қажет.

Егер сендер ақылды және дені сау екендеріңді көрсетсеңдер, мен сендерге

мектепке жарамды деген  анықтама қағазын акеліп беремін.»

Ал, балалар, Салауат атайдың тапсырмаларын орындауға

дайынсындар ма? Ендеше тапсырмаларды ашып көрейк.

Сонымен 1-ші тапсырма: Себеттерге тағам түрлерін дәрумен бойынша орналастырамыз.

1-ші себетке «А» дәрумендері бар тағамдарды саламыз. 2-ші себетке «В»  дәрумендер бар

тағамдарды саламыз. 3-ші себетке «С» дәрумендер бар тағамдарды саламыз. Компьютерде орындаңдар.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! 1-ші тапсырманы жақсы орындадындар.

Енді 2-ші тапсырманы қараймыз. 2-ші тапсырмада, балалар, есепті шығару.

Мұғалім: Балалар, аздап сергіп алайық. Бәріміз орнымызда отырып,  қол гимнастикасын жасаймыз.

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып  көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

Мұғалім: Жарайсыңдар, енді жалғастырамыз! 3-ші тапсырма: Бос орындарға қажетті әріптерді жазу.

Мұғалім: Тамаша, балалар, бұл тапсырманыда орындадық. Енді 4-ші тапсырманы көрейк. 4-ші тапсырма

сергіту сәті екен. Қане орнымыздан тұрамыз, қимылдарды бірге қайталаймыз.

Шаршаған жоқпыз ба балалар? Ендеше жалғастырамыз. 5-ші тапсырма. Көрші үйлерде қандай

сандар тұрады? Бос орынға жаз.

Мұғалім: Жарайсыңдар! Сандарды да орналастырдық. Енді сонғы, 6-шы тапсырма: 1 санын қосу және

алу арқылы есептерді шығып, жауабын бос орындарға жаз.

Мұғалім: Өте тамаша, жарайсыңдар, балалар! Сендер Салауат атайдың барлық тапсырмаларын дұрыс

орындадыңдар. (Есік қағылады, Салауат атай сыйлығымен ішке кіреді).

Балалар, есік қағылды, міне Салауат атайымызда келді.

Салауат атай: Сәлеметсіңдерме балалар! Байқадым, менің тапсырмаларымның барін орындадығдар,

жарайсыңдар! Енді сендерге және қонақтарға азғантай сыйлығым бар, және  мектепке жарамды деген

анықтама қағазында  беремін. Міне ала қойыңдар.

Мұғалім: Салауат атай, балалар сен жіберген барлық тапсырмаларды тамаша орындады. Балалар,

бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қай тапсырма сендерге көбірек ұнады?

Салауат атай: Жарайсыңдар, ал енді менің кетуім керек. Басқада балалар мені күтіп отыр. Сау

болыңдар, ауырмаңдар!

Мұғалім: Енді, Салауат атайды  осы отарбамен басқа балаларға шығарып салайық, сау бол Салауат

атай! Енді қонақтармен де қоштасамыз, сау болыңыздар!